Бүгіннен бастап Уго Чавес жерленген Төңкеріс мұражайының есігі келушілерге ашық
Лента.ру агенттігінің Agence France-Presse-ке сілтеме жасап хабарлауынша, саясаткермен тағы бір мәрте бақылдасу үшін Каракас қаласы көшелеріне жүздеген мың венесуэлалық шықты.
Елдің мемлекеттік телеарнасы Венесуэла тумен жабылған табытты жерлеуге апару рәсімін тікелей эфир арқылы көрсетті. Бұрынғы армиялық барақ үйде орналасқан Төңкеріс мұражайы бүгіннен бастап келушілерге ашылады.
Сондай-ақ кеше Венесуэла байланыс және ақпарат министрі Эрнесто Вильегас өзінің твиттердегі парақшасына биліктің Чавес мүрдесін бальзамдаудан түбегейлі бас тартқандығын жазды. Министрдің жазуына қарағанда, мұндай шешім көз жұмған президенттің мүрдесін қарап шыққан ресейлік мамандардың баяндамаларынан кейін қабылданды.
Чавес 5 наурыз күні ауыр онкологиялық аурудан кейін көз жұмды. Венесуэланың билік көздері оның денесін кеңестік басшылар Владимир Ленин мен Иосиф Сталиннің, сондай-ақ қытайлық көшбасшы Мао Цзедунның денелерін сияқты бальзамдамақ болған еді.