Нұрлан Қоянбаевтың авторлық бағдарламасы эфирге «Жаңа түнгі студияда» атауымен қайта оралып отыр.
Бұған дейін түнгі бағдарлама Астана қаласының «Қазмедиа» орталығында түсірілген болса, енді Алматыда жасалады. Нақты айтқанда, түсірілім Алматыдағы Қазақ телерадио орталығының аппарат-студия кешенінде жүргізіледі.
Бағдарламадағы тағы бір жаңалық, онда енді үш жүргізуші болады. Олар - белгілі қазақстандық продюсер, актер және тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев, тележүргізуші, актер Дәулет Бижанов және актриса Салтанат Серкебаева.
Сондай-ақ, бағдарламаны Алматының жергілікті «Prime band» музыкалық тобы әуенмен сүйемелдейді.
«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасы - «Late night show» форматындағы шоу. Мұндай шоулар алғаш рет 1960 жылдары АҚШ-та ашылған. Қазір интернет, медиа қанша дамыса да, мұндай шоуларды әлі көп көрермен қызыға тамашалайды. Оның себебі - әр заманның жұлдызы, танымал адамының осындай бағдарламаға келіп қатысуында деп ойлаймын. Мен Қазақстанда түнгі шоуға шақыратын қонақтарымыз көп екеніне қуандым. Бұл еліміздің, қоғамымыздың мықты екенін көрсетсе керек. Демек, меніңше бұл форматтағы жобалардың Қазақстанда болашағы бар», - деген еді ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында Нұрлан Қоянбаев.
Бағдарлама «Jibek Joly» телеарнасынан аптасына 4 рет, түнгі сағат 22.30-да көрсетіледі.
Ең мықты night show авторы Нұрлан Қоянбаевпен бірге болыңыздар! Арна 7 батырмада.