Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақтаудан тікелей бейнебайланысқа шыққан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
«Бүгін кештен бастап, қаладағы жағдайды және жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарын көрсету үшін тікелей эфирге қосылу басталады», деді Ө.Шөкеев. Сонымен қатар оның атап өтуінше, ағымдағы жағдай туралы қала коменданты күнделікті баспасөз мәслихатын өткізеді. Үкіметтік комиссия тарапы да өз баспасөз қызметтері арқылы бұқараға шынайы ақпараттар беруді қолға алмақ.