Бұған дейін жеке құжаттарды жасаудың жеделдетілген қызметі өтініштердің көбейіп кетуіне байланысты былтыр тамыз айында тоқтатылған болатын. 2010 жылдың өзінде 1 млн. 960 мың жеке куәлік пен 558 мыңнан астам төлқұжат жасалған. Бүгінде өндіруші зауыт 2010 жылдың желтоқсанында берілген өтініштер бойынша құжаттарды жасауды аяқтауда.
«2010 жылы жеке сәйкестендіру нөмірлері жоқ құжаттардың алмастырылуы, сондай-ақ жаңа үлгідегі электронды құжаттардың шығарылуы қолға алынған еді. Сол себепті азаматтардың жеке куәліктерін шығару туралы өтініштері көбейіп кеткен. Енді, құжаттарды жедел әрі уақытында жасау үшін Әділет министрлігі қосымша жабдық алды. Оның арқасында төлқұжаттарды шығару көлемін 1,5 есеге көбейтуге мүмкіндік жасалып отыр. Мәселен, бұрын өндіруші зауыт күніне 10 мыңға жуық құжат дайындаса, енді ол 16 мыңға дейін төлқұжат пен жеке куәлік шығара алады. Бұдан былай, барлық азаматтар өз құжаттарын заңмен көзделген мерзімде алатын болады», - дейді Е.Ерімбет.
Сондай-ақ оның хабарлауынша, ресми бланкілердің үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді. Биылдан бастап төлқұжат пен жеке куәліктердің бланкілері тек «ҚР Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасы» РМК-да жасалатын болады.
Айта кетейік, жеке құжаттарды жасаудың жеделдетілген қызметі ақылы негізде үш жолмен жасалады: 7 жұмыс күні (мемлекеттік баж сомасы - 1989 теңге), 10 жұмыс күні (мемлекеттік баж сомасы - 904 теңге), 15 жұмыс күні (мемлекеттік баж сомасы - 563 теңге). Құжаттарды жеделдетіп жасауға мемлекеттік төлемдерді кез-келген банктерде және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жасауға болады.