Атап айтқанда, жұмада Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Алматы, Астана қалаларында, түнде Ақтауда ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайы күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.