Қазақстан аумағына әліде солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан фронталды бөлімдер өз әсерінен тигізіп, найзағайлы жаңбыр жауып, бұршақ, дауыл күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай облыстарында 35-38 градус қатты ыстық болжанған.
Ал Түркістан облысында термометр бағаны 40-42 градусты көрсетеді.
Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде 40 градус аптап ыстық болады.
Айта кетейік, Астанада 23 маусым күні ауа температурасы 36,8°C-қа дейін көтеріліп, 85 жылдық рекорд жаңартылды. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 1941 жылы тіркелген 36,4°C болған еді.