Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

26 қазанда Алматы, Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.