«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, дүйсенбіде Ақтөбе, Алматы, Жезқазған, Шымкент қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метео жағдайы күтіледі.
Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.