Бүгін 4 қалада ауа сапасы төмендейді

Фото: Өскемен тұрғындарынан

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 19 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе Көкшетау, түнде Атырау, Қостанай қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер Республика аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды – найзағаймен бірге жаңбыр жауады.

18-19 қыркүйекте республиканың солтүстік-шығысында, орталығында, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, күшті жел, бұршақ күтіледі. Тек батыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.