Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
04:52, 24 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«2025 жылғы 24 қарашада Алматы, Атырау, Шымкент, Ақтөбе және Балхаш қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін солтүстік өңірлерде бұрқасын соғып, көктайғақ болатынын жаздық.