Бүгін 6 қалада ауа сапасы төмендейді
06:40, 06 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2025 жылғы 6 қазанда Ақтөбе, Алматы, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.