Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды
04:50, 14 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2025 жылдың 14 қарашасында Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.