Бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2025 жылғы 26 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Павлодар қалаларында болуы мүмкін, — делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, кейінгі екі аптада Ташкент қаласында ауа сапасы күрт нашарлады.