Бүгін 9 қалада ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның 9 қаласына жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com

«2023 жылғы 16 желтоқсанда Астана, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Семей, Риддер, Петропавл, Көкшетау, Павлодар қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.