Бүгін 9 қалада ауа сапасы төмендейді

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.  

— 2025 жылғы 21 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Орал қалаларында, түнде Атырау, Қостанай, Алматы, Астана күтіледі, — делінген ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.