Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі бүгінгі күні елордадағы Magnum сауда желісінде картоп бағасы 450 теңге екенін, ал Small-да картоп мүлде жоқ екенін айтты.
- Шынымен, картоп бағасы 450 теңгеге жетті. Small-ға келетін болсақ, мен бұл жұмысты орынбасарыма тапсырдым. Іргеміздегі Павлодар, Қарағанды облыстары бағаны түсіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ фермерлер катопты сатқысы келмей отыр. Бізде картоп жеткілікті. Біз бүгін-ақ 5-10 камаз әкеліп, 200 теңгеден өткізіп бере аламыз, қабылдай алса болды. Оған 20 пайыз қосса, құны 240 теңге болады. Бұл жерде сауда нүктелеріне қатысты мәселе бар. Бұл мәселені қарастыратын боламыз, - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін ведомство өкілі «Сапалы картоп сыртқа сатылып, сөреде Қытайдың сапасыз өнімі қалғаны рас па?» деген сұраққа жауап берген еді. Сондай-ақ ел аумағынан үшінші елдерге картоп шығаруға тыйым салынған еді.