Өңірлер бойынша:
• Ақмола облысында – 2 өрт;
• Солтүстік Қазақстан облысында – 1 өрт.
Өрт оқиғалары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті бақылауы және «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеуі барысында дер кезінде анықталды.
Ақпарат түскеннен кейін өрт орындарына қажетті күштер мен техника жедел бағытталды.
-Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері жұмылдырылды,-делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған өңірлерде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрт жағдайы тұрақты бақылауда.
Осыған дейін Абай облысында таулы жерде құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатқаны туралы жаздық.