Бүгін Ақордада бейбіт күннің батырларына құрмет көрсетіледі
12:40, 17 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – БОРТ №1 Телеграм-арнасы бүгін Ақордада бейбіт күннің батырларына құрмет көрсетілетінін хабарлады.
- Құтқарушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысы өзгенің өмірін сақтау үшін басын қатерге тігіп жүрген мамандарды марапаттайды, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, СҚО-да пробация қызметкері бір отбасыны өрттен құтқарып қалды.