Бүгін әлем католиктері Рождество мерекесін тойлайды

Фото: Freepik

АСТАНА. KAZINFORM — Христиан әлеміндегі ең маңызды және салтанатты мерекелердің бірі — Рождество мерекесі. Ол Бетлехем (Вифлеем) қаласында Иса Мәсіхтің туған күнінің құрметіне тойланады, деп хабарлады Report.

Әртүрлі конфессиялардың христиандары Рождествоны 25 желтоқсанда немесе 6-7 қаңтар күні тойлайды. Бүгінде бұл 100-ден астам елде ресми мереке болып саналады.

Негізінен христиандар тұратын елдердің көпшілігінде Рождество күні жұмыс істемейді. Дегенмен, Үндістан мен Малайзия сияқты елдерде демалыс берілмейді. Бірақ бұл елдерде 25 желтоқсан ресми мереке деп жарияланған.

Бұл күні көптеген елде дүкендер жабылады. Англияда тіпті қоғамдық көліктер де жұмыс істемейді. Рождествоға дайындық бірнеше ай бұрын басталады. Үйлерде, қоғамдық орындарда шыршалар безендіріледі. Бұл дәстүр 16 ғасырда Германияда пайда болып, кейіннен бүкіл Еуропаға тараған.

Әр елде Рождестволық дастарханның өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, Сицилияда балықтың 12 түрі дайындалса, Ұлыбританияда және тағы бірнеше елде күркетауық, қаз, сорпа, картоп, көкөністер ұсынылады.

Айта кетейік, Испаниядағы дәстүрлі Рождестволық лотерея El Gordo биыл орман өртінен қатты зардап шеккен елді мекендерге қуаныш сыйлады. 2025 жылғы ұтыс ойынында 79 432 нөмірі жеңімпаз деп танылды.