Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: Тuranasia.kz

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

– 9 наурызда Алматы қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Алматыда 2030 жылға дейінгі дендрологиялық жоспар әзірленіп жатыр.

Ал Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына орай Қытайдың ауа сапасын басқару әдісін қолдану мүмкіндігі зерделеніп жатқанын жеткізді.