Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 5 наурызда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы қаласында күтіледі, — делінген хабарлмада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін Өскеменде ауа сапасын бақылайтын 25 бекет орнатылатынын жазғанбыз.