Бүгін Алматы мен 6 қалада ауа сапасы нашарлайды
06:19, 15 Ақпан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның 7 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.
- 2025 жылғы 15 ақпанда Палодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске салсақ, кеше Алматының экология мәселесі қалай шешілетінін жазған едік.