Бүгін Алматы мен Астанада және екі қалада ауа сапасы нашарлайды
06:18, 07 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
- 2025 жылғы 7 мамырда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Қарағанды, Теміртау, Алматы, Астана қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетейік, синоптиктердің болжамы бойынша, мамыр айының басында жел күшейіп, қар аралас жаңбыр жауады.