Бүгін Алматы мен Астанада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялықжағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарайды Kazinfrom «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Фото: freepik.com

 «2023 жылғы 21 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы және Астана қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.