Бүгін Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды
06:20, 08 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2025 жылғы 08 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, 8 тамыз күні Қазақстанның 15 өңірінде, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланды.