Бүгін Алматыда найзағай, солтүстік пен батыста тұман болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда бүгін ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, солтүстік пен батыс өңірлерде тұман күтіледі. Астанада күн жауын-шашынсыз өтсе, Алматыда жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстік және батыс өңірлерде тұман сақталады.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде 9... 11°C, күндіз 22... 24°C.

Алматыда күн ала бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 17 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 14... 16°C, күндіз 25... 27°C.

Бұған дейін дейін бүгін батыс, шығыс және солтүстіктегі қалаларда ауа сапасы төмендейтінін жаздық.