Алматыда бүгін жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFROM – Бүгін Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

«2024 жылғы 6 ақпанда Алматы қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.