Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Александр Павский/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 25 қыркүйекте Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.