Оған сенсек, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Алматы қаласында қалың тұман түседі.
Салдарынан автожолдарда көрініс шектелуі мүмкін.
Ал, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласында екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжанып отыр.
«Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз» деп ескертеді мекемеден.