Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 14 қарашада Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: pixabay.com

Сейсенбі күні ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайы Алматы, Шымкент, түнде Астана, Атырау қалаларында күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.