Бүгін Астана мен тағы 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Фото: Рixabay

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 8 желтоқсанда Қазақстанның 4 қаласында қолайсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды Kazinform.

Атап айтқанда, ауа сапасы Алматы, Астана, Ақтөбе және Петропавл қалаларында нашарлайды деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.