Бүгін Астана жаңбырлы, Алматы мен Шымкентте аптап ыстық

АСТАНА. KAZINFORM — 16 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл және 40 градусқа дейінгі ыстық болатынын болжады.

Фото: Ақорда

Бүгін Астанада ауа температурасы күндіз 23… 25°C аралығында болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с дейін жетуі мүмкін.

Алматыда күн ыстық болады. Күндіз ауа температурасы 35… 37°C-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с шамасында.

Шымкентте де аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы 37… 39°C аралығында болады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.

Бүгін сондай-ақ еліміздің көптеген өңірінде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады.