Бүгін Астанада «Қажымұқан жолы» жарысы өтеді

Фото: Фото: gov.kz

10 желтоқсанда QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде «Қажымұқан жолы» турнирі өтеді, оған қатысушылар Қажымұқан белбеуі үшін күштік тәртіпте күресетін болады, деп хабарлайды Kazinform елорда әкімдігіне сілтеме жасап. 

«Қажымұқан жолы» ұлттық спорттық жобасының авторы және бастамашысы – атақты палуан және Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульников. Турнирге қатысушылар «Қажымұқан» белбеуі үшін күреседі.

Жанкүйерлер үшін кіру тегін. Турнир 10 желтоқсан күні сағат 17:00-де QAZAQSTAN жеңіл атлетикалық спорт кешенінде басталады.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz