Бүгін Атырауда ауа ластанады

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

- 2025 жылғы 9 маусымда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары түнде Атырау қалалсында күтіледі,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін Қазақстанның барлық өңірінде күннің ыстығына байланысты өрт қаупі туындап тұрғыаны туралы жаздық.