Загребте Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен қалған қабірлер табылды
АСТАНА. KAZINFORM — Хорватия астанасы Загребтің Горня Дубрава ауданындағы Лешче орманында Екінші дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі кезеңге тиесілі 23 адамның сүйегі бар екі жаппай жерлеу орны табылды, деп хабарлайды Report.
Мәйіттер 1945–1946 жылдары партизандар жасаған қылмыстардың құрбандары болуы мүмкін деген болжам бар.
Ардагерлер істері жөніндегі министр Томо Медвед қаза тапқандардың қолдары сыммен байланып, өздерінің киімсіз болғанын атап өтті.
Өткен айдан бері Горня Дубрава мен Сесвете аудандарындағы жаппай жерлеу орындары болуы мүмкін 5 жерде зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы он жыл ішінде Хорватия бойынша 630-дан астам орын зерттеліп, елдің 16 өңіріндегі 90-нан астам жерде 2 200-ден астам адамның сүйегі эксгумацияланған.
Айта кетейік, былтыр Германияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба жарылып, 58 адам жарақат алды.