АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталады.
Құрлықтық додаға 27 мемлекеттен 450-ден астам ауыр атлет қатысады жоспарланып отыр.
Жүлделер U17 және U20 жас санаттары бойынша сарапқа салынады.
Ал Қазақстан құрамасы жарысты ұйымдастырушы ел ретінде толық құраммен жүлде үшін бақ сынайды. Ел құрамасы сапында 30 ауыр атлет бар. Олардың арасында 2024 жылғы Дохадағы (Қатар) Азия чемпионатының және жақында өткен әлем біріншілігінің жүлдегерлері де жарыс жолына шығады.
Құрама сапы 50 пайызға өзгерген. Азия чемпионаты олар үшін алғашқы халықаралық жарыс болмақ.
Айта кетсек, жарыс Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.
Құрлықтық додаға арналған оқу-жаттығу жиындары Алматы облысында өтті. Жалпы наурыз айынан бері 6 дайындық жұмысы жүргізілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.