Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 16 қазанда  Петропавловск, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе және түнде Атырау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.