Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
05:14, 26 Қыркүйек 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – 26 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 26 қыркүйек, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.