Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Фото: Нелли Нигматуллина/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.  

- 2024 жылғы 30 желтоқсанда Қостанай, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты оқушылар онлайн оқыды.