Бүгін бес қалада ауа сапасы төмендейді
06:29, 24 Ақпан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
— 2025 жылғы 24 ақпанда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Қарағанды қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген мамандар болжамында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұдан бұрын еліміздің шығысында ауа сапасы нашарлайтынын жазған едік.