Бүгін бес қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады

Фото: Фото: ҚазАқпарат

28 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.