Өңірлер бойынша:
Шығыс Қазақстан облысы – 2 өрт;
Қарағанды облысы – 1 өрт;
Қостанай облысы – 2 өрт;
Көкшетау МҰТП – 1 өрт;
Бурабай МҰТП – 1 өрт;
«Семей орманы» МОТР – 1 өрт;
-Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауы барысында дер кезінде анықталды. Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары, арнайы техникалары, сондай-ақ өзара іс-қимыл аясында басқа да күштер мен құралдар жұмылдырылды,-делінген хабарламада.
Жедел әрі үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде өрттердің елді мекендер мен орман алқаптарына таралуына жол берілмеді, өрттерді оқшаулау және сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпті кезеңінде азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Айта кетейік, бүгін Алматыдағы қоймадан өрт шығып, ол толық сөндірілді.