АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін бокстан Әзербайжан астанасы Бакуде дәстүрлі халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнир басталады.
Халықаралық турнирде 11 елден келген 121 боксшы сынға түседі. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкістан және Венгрия боксшылары бар.
Ел құрамасын турнирге Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бастап барады.
Сондай-ақ, жарыста Теміртас Жүсіпов (48 келі), Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Тимур Қабешов (54 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Бақтияр Смағұлов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Бекзат Таңатар (86 келі), Сағындык Тоғамбай (92 келі) шаршы алаңға шығады.
Дәстүрлі турнир бес күнге созылады.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық боксшылар Литвадағы халықаралық турнирде 6 алтын жеңіп алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.