Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды

25 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін тек Алматы қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.