Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды
06:40, 15 Желтоқсан 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайдыАСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 15 желтоқсанда Алматы қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.