- Отырыстың күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде болашақ бірпалаталы Парламенттің атауы мен өкілеттіктерін талқылау жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді Парламентаризм институтынан.
Еске сала кетейік, бұған дейін өткен отырыстарда депутаттарға қойылатын біліктілік талаптары, оларды сайлау тәртібі, квоталау мәселелері, сондай-ақ болашақ бірпалаталы Парламенттің заң шығару қызметінің негізгі қырлары қаралған болатын.