Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

17 қараша күні Қазақстан аумағының барлық дерлік бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Рexels.com

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, бейсенбіде ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайлары Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.