Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 13 тамызда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, тек Алматы, Атырау қалаларында ауа сапасы біршама ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.