Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
04:30, 24 Маусым 2024
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.
24 маусым, дүйсенбі күні Өскемен және Риддер қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.