Бүгін екі қалада ауа сапасы төмендейді

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 8 наурызда Алматы қаласында және түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Шымкент еліміздегі ауасы ең көп ластанған 10 қаланың қатарына енді.

Бүгін Қазақстанның барлық облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.